Конституцияға енгізілген жаңартулар елімізде әділдік қағидаттарын күшейтіп, заң үстемдігін нақты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.
Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеріп отыр. Заңның бәріне бірдей жұмыс істеуі – құқықтық мемлекеттің басты шарты. Осы ұстаным Конституциялық реформаларда айқын көрініс тапты. Енді лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе мәртебесіне қарамастан, әрбір азамат заң алдында тең жауапкершілікке ие. Бұл өз кезегінде қоғамда әділеттілікке деген сенімді арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Гүлсара ТІЛЕГЕНОВА,
мұғалім



