Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері күшейтілуде

Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жандандырылуда.

Аталған заң жобасы құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктерін күшейтуге, қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ақпараттық жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әр азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне жағдай жасау. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары, ресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелер арқылы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 Заң жобасы аясында жастар арасында профилактикалық шараларға басымдық беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және азаматтық қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылы күшейтілуде. Аталған ақпараттық жұмыстар заң жобасының тиімді іске асуына ықпал етіп, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге бағытталған.

Өз тілшіміз 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT