Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАС БАЛУАНДАР ЖЕҢІСІ

Атырау қаласында Елорда күніне орай қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті.

Жасөспірімдер арасында Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз бөлімшесінде жаттығатын жас балуандары да қатысып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, қыздар арасындағы белдесуде Римма Даниярқызы, Кәусар Тілепбай І орынды иеленсе, Аделя Әділжанқызы мен Ақмаржан Самархан ІІ орынға ие болды. Ал, ұлдар арасында Нұргелді Жәрдембай мен Ернар Бағытжанұлы ІІ орынды, Ернар Дүйсенберді ІІІ орынды иемденді.

z

Сондай-ақ, аталмыш жарыста Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас балуандары Бекнұр Байтас, Әлихан Жақсылық, Мейрамбек Жанболат, Ерасыл Аманжолдар І орынға ие болса, Ернұр Ерсайын мен Әли Нұрбай ІІ орынға қол жеткізді. Ал, Ибрахим Сайлаубекұлы мен Заңғар Амангелді ІІІ орынды еншіледі. Жас балуандардың мұндай жетістікке жетулеріне жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғанов, Бүркіт Орынбасаров, Рүстем Ғұмаровтардың еңбегі зор.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521