Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰСТАЗДАР ФУТЗАЛДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жақында Атырау қаласында Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен Жастар жылына арналған білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында облыстық спартакиада болып өтті.

4

Бұл жарыста жерлестеріміз іріктеу сынында барлық қарсыластарын ұтып, ақтық сынға шықты. Финалда жергілікті Атырау қаласының командасынан ұтылған аяқдопшылар, жарыс нәтижесінде күміс жүлдегер атанды. Жүлделі үшінші орын Құрманғазы ауданы құрамасына бұйырды.

Сондай-ақ, жерлес команда ойыншыларының ішінен дараланып, үздік ойын көрсеткен Бекзат Өтешов, Азамат Едігеев, Шыңғыс Серікұлдары облыстық құраманың сапына еніп, республикалық ойынға жолдама алды. Осылайша, аудан мерейін үстем етуге зор үлесін қосқан команда құрамын жасақтаған Бауыржан Досқалиевтің еңбегі ұшан теңіз.

А.ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521