- Информация о материале
- Денсаулық
- : 70
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (ҰҒОО) пен NU Биомедициналық зерттеу орталығының қызметімен танысты. Президенттің медицинада озық технологияларды қолдану және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына назар аударылды.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 91
Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында күресуде. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. «Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?» деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 162
«Саламатты Қазақстан» пойызы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, Samruk-Kazyna Trust қорының қаржыландыруымен және Денсаулық сақтау министрлігімен серіктестікте іске асырылып келеді.
Ел ауылдарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсететін мамандар азаматтардың көп жылдық мәселелерін шешуге көмек көрсетуде.
Атырау облысының Аққыстау ауылында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 7 ардагер жылдар бойы өздеріне тиесілі әлеуметтік жеңілдіктерді ала алмай келген еді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының медиаторының көмегімен және мемлекеттік органдарға жолданған ресми өтініштерден кейін ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге квоталар бөлінді.
Ұлттық комиссия бастамасымен жобаға қосылған медиаторлар мен заңгерлер ауыл тұрғындарына еңбек дауларын шешуге, әлеуметтік, сот пен өзге де маңызды сұрақтарды шешуде маңызды рөл атқаруда.
Медициналық пойыз өңірде 6–17 маусым аралығында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде 5 710 адам тегін көмек алды, олардың 5 402-сі медициналық қызметке жүгінген. Әрбір үшінші пациент – бала.
Кеңес беруден бөлек, тұрғындар УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия және зертханалық талдаулардан өте алады. Қажет болған жағдайда дәрігерлер шағын хирургиялық операциялар жасайды.
Биыл медициналық пойыз еліміздің 123 елді мекенін қамтиды. Алты ай ішінде 100 мыңнан астам адам, әсіресе шалғайдағы ауыл тұрғындары, білікті көмек алады деп күтілуде.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 142
Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таратылуда.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 190
Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігерлер ауыр туа біткен ақауы бар алты жаңа туған сәбиге сәтті ота жасады. Барлық операциялар заманауи жабдықтардың арқасында мүмкін болды. Бұл құрылғыларды «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Ayala» қоры орталыққа табыстаған болатын.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 315
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы кардиологиялық орталығы ресми түрде жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті медициналық ұйымдар тізіміне енгізілді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 744
Жыл басынан бері Атырау облыстық кардиологиялық орталығында жүрек-қан тамыр ауруларына байланысты 2 350 операция жүргізілді. Көрсеткіш мекемедегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінің артып келе жатқанын айғақтайды. Бұл туралы дәрігер-кардиолог Альбина Нұрманова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде хабарлады. Жасалған операциялар қатарында әрі диагностикалық, әрі емдік мақсаттағы күрделі процедуралар бар.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 711
Мемлекет басшысының Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру туралы бастамалары – бүгінгі заман талабына сай келетін, әрі қоғам үшін аса өзекті шешімдердің бірі деп айтуға болады.


