Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлемдік додада жеңімпаз

Таяуда Нұрсұлтан қаласында джиу-джитсудан әлемдік Гран при кезеңі болып өтті.

Аталған чемпионатқа облыс құрама командасымен бірге ауданның жас джиу-джитсушылары да қатысты. Нәтижесінде, файтинг систем тұжырымы бойынша Ғибрат Әмірше мен Ідіріс Ноғайбаев жеңімпаз атанса, систем тұжырымдамасы бойынша олар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен қатар, Мират Тәңірберген ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Көкшетау облысының Шучинск қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткен болатын. Аталған додаға облыс командасымен бірге қызылқоғалық жас спортшылар да қатысып, жүлделі оралды. Сайыстың файтинг түрі бойынша 50 келі салмақта Бекзат Мағзом ІІ орынды жеңіп алса, неваза түрінен ІІІ орынға ие болды. Сол сияқты, неваза түрі бойынша Тұманбай Сералы мен Аманжол Дидар ІІІ орынды иемденді. Міне, осындай жас джиу-джитсушыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі ұшан-теңіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521