Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Гигиеналық қағидаларды сақтау көптеген аурулардан қорғайды

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар өршуі мүмкін.

Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (кеміргіштердің ауыз суды ластауы), бруцеллез, сальмонеллез, құрттар беріледі.

Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, оның ішінде энтеровирустар, гепатит А және басқалары жиі кездеседі. Жаңбыр суымен және еріген қар суының мол болуынан өзендермен таяз көлдер арнасынан шығып су тасу жағдайы болған кезде құдықтар мен ұңғымалардағы судың қоқыс шұңқырларынан, аулалық қондырғылардан бөлінген, шығарылған қалдықтардан жаппай ластануы мүмкін.

Су тасқынының тағы бір проблемасы – кеміргіштер, көптеген аурулардың тасымалдаушылары. Олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыруына әсер етуі мүмкін. Су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді қағидаларды сақтауы қажеттігін еске саламыз:

1) ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

2) азық-түлікті сақтау және дайындау қағидаларын сақтау;

3) тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану;

4) жеке гигиена қағидаларын сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде;

5) көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен мұқият жуу;

6) тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау. Жіті инфекциялық аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521