banerkzbig

Сенбілікке тұрғындар белсенділікпен қатысты

Жылма-жыл ауыл тазалығына аса мән беретін ауыл тұрғындары биылғы күзгі тазалық айлығына белсене қатысты.

Барлық ауылдық округтерде күл-қоқыстар шығарылып, баннерлер жаңартылып, мекемелер мен парктер тазаланды.

Айталық, Миялы ауылдық округі бойынша 25 тонна күл-қоқыс шығарылып, 1 парк, 11 мекеме айналасы тазартылса, 4 баннер жаңартылды. Сондай-ақ, күл-қоқыс төгетін алаңдарды тегістеп түйдіру жұмыстары жүргізіліп, 15 гектар күл-қоқыс алаңы ретке келтірілді. Сенбілікке 60 мекеме қызметкері қатысып, жалпы саны 210 адам, 2 техника жұмылдырылды. Ал, Сағыз ауылдық округі бойынша 10 көше, 7 мекеме және 40 тұрғын үйдің айналасы тазартылып, 100 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сенбілікке 300 адам, 2 трактор, 2 погрузчик, 1 камаз барлығы 5 техника қатысса, Жангелдин ауылдық округінде 120 дана тал түптеп суарылып, 180 тұрғын үймен 9 көшедегі қоқыс контейнерлері тазартылды. Сенбілік бойынша жиналыс өткізіліп, 120 адам, 1 техника қатысып, 80 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, Жамбыл ауылдық округі бойынша жалпы саны 150 адам, 1 техника қатысып, 7 көше, тұрғын үйлер айналасы және 2,5 километр тас жол жиегіндегі күл-қоқыс қалдықтары тазартылып, 12 тонна күл-қоқыс шығарылды. Ал, Көздіғара ауылдық округіндегі 135 адам, 2 техника қатысқан сенбілікте ауыл арасындағы көшелер мен тұрғын үй айналасы тазартылып, көше бойындағы 5 баннер жаңартылды. Сенбілікте барлығы 300 тонна тұрмыстық қалдықтармен, күл-қоқыс шығарылса, Тайсойған ауылдық округі бойынша 80 тонна күл-қоқыс шығарылып, 4 көше бойы тазартылып, 1 ескерткіш айналасы әктелді.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig