Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жоспар орындалмай, жұмыс жүрмейді

Өткен аптаның сәрсенбісі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVII сессиясы болып өтті.

Сессияға аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, депутаттар және жауапты бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты. Сессияға төрағалық еткен мәслихат депутаты Қанат Әнет жиынды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Жиында аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджетін бекіту» туралы шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Онда баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева Миялы, Ойыл, Тасшағыл, Мұқыр, Сағыз ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жасады.

Бөлім басшысының айтуынша, ауылдық округтердің бюджетке түсіретін кіріс жоспарлары да дұрыс орындалмай отыр. Атап айтқанда, Сағыз, Тасшағыл, Мұқыр ауылдық округтері өткен жылдың осы уақытында орындаған жоспарларына биылғы жылы жете алмаған. Оған жауап берген округ әкімдері негізгі кіріс жоспары ғимаратты жалға беруден және кәсіпкерлерден түсетін салық екендігін, кейбір кәсіпкерлердің төлеген салығы округтің емес аудандық бюджетке түсіп кету салдарынан жоспар орындалмай отырғандығын қаперге берді. Аудан әкімі округ әкімдеріне аталмыш кемшілікті тез арада жойып, жоспарды орындау туралы тапсырма берді. Содан кейін, сөз алған аудандық мәслихат депутаты Сайлаубек Темірғалиев бюджетке өзгеріс енгізілерде Миялы ауылындағы су жинау мұнарасы шіріп тұрғандығын, сондықтан оны жаңарту мәселесін көтерсе, Мұқыр ауылдық округінен сайланған депутат Сапура Сәрсенғалиева округ ғимаратын жеңіл жөндеуге қаржы бөлуді сұрады. Сөйтіп, өз ұсыныстарын айтқан депутаттар, сессия соңында шешім жобасын бекітіп, аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып мәслихат депутаты Альберт Аққайнанов сайланды.

Дулат МӘТЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521