060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Көшеміз жарқырап тұр

Жарығы сөнбейтін ауылдың сәні мен салтанатын келтіріп тұрған – көше шамдары.

Жол бойына жағалай орнатылған жарық жолаушыға жол көрсетеді, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады. Қараңғы көшемен жүру, әсіресе, күн қысқарған күз-қыс мезгілінде жайсыз әрі қауіпті. Жұмыстан кеш шығатын ересектер мен екінші ауысымда оқитын мектеп оқушыларына қиын. Миялы ауылының С.Сейфуллин көшесінде тұрғанымызға 12 жылдай уақыт болды. Содан бері көшемізде жарық жоқ, кеш болса тас түнек қараңғылық басады. Осы мәселе жөнінде «Телеграмм» әлеуметтік желісінде бірнеше мәрте көтеріліп те жүр. Көшемізге жарық орнатылса деп мен де пікірімді білдірген болатынмын. Осыған дейін округ әкімі Ерболат Иғали қаражат бөлініп, алдағы уақытта қаралады деп жауап берді. Күні кеше ғана көшемізге әр үйдің тұсына жарық шам орнатылып, көше тұрғандары риза болдық. Әсіресе, балаларымыз қатты қуанды. Тек С.Сейфуллин көшесі емес, «Электрмен қамту орталығының» мамандары тарапынан көшелерге жарық жүргізу жұмысы жалғасын табуда. Алдағы уақытта ауданда жарықтандыру жұмысы толығымен шешілетініне сеніміміз зор.

К.ӘБІШ

Сурет: Ашық дереккөзден

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?