banerkzbig

Көрген көзде жазық жоқ

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық сананың жаңғыруына бағыт беретін жоспарлы шаралар жүзеге асуда.

Бұл өркениетті қоғам келешегіне кемел жол салып, тіліміз бен мәдениетіміздің жаңа леппен дамуының кепілі. Бұл тұрғыда ауданымызда да айтулы шаралар жоспарланып, жүйелі іс көрініс тауып келеді. Десек те, әттеген-ай,-дейтін жайттар кездесетіні жасырын емес. Елбасы 2025 жылға дейін киррилица таңбасынан латын қаріпіне көшуді біртіндеп орындалыс табатынына зор сеніммен талап қойған болатын. Бұл елімізде үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Латын графикасының қарпі мен дыбысталуы туралы ғалымдар біраз тер төгуде. Ал қолданысқа еніп отырған латын әліпбиін дұрыс қолдану сауаттылықты танытады. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарында, көше жарнамаларында латын әліпбиін қолдану кең ауқымда өріс алып келеді. Бұл арқылы бұқараны тәрбиелеу, келешек ұрпақ назарын замана көзқарасына бағыттауда зор маңызы бар. Сондықтан да көше жарнамалары, лозунглер мен бильбордтарда латын қаріпінде жазу – құптарлық бастама. Алайда, көзі қарақты азаматтардың латынша қаріп қолдануында шұбырған қатеге мән берілмей келетіні алаңдатады.

miyaly

zhyly

Мәселен, аудан орталығындағы көшелердің бірінде орналасқан көрнекі бильбродта «Qasetti Mualy – keler kunnin kemel kelbeti» деген суретте латынша Миялы деген жазу Мұалы (Mualy) болып оқылып тұр. Дұрысы – Mialy болуы керек еді. Сол сияқты, Ж.Жабаев көшесіндегі «Úsh-aq nárse adamnyń qasıeti: ystyq qaırat, nurly aqyl, jyly júrek» (Abaı Qunanbaev) – деп жазылған Ұлы Абай атамыздың өлеңінде де қателік кеткен. Мұндағы жылы сөзі жылу болып оқылып тұр. Дұрысы – Jyly. Бұл бір ғана мысал. Әрине, көрген көзде жазық жоқ. Біраздан бері ілініп тұрған тақтайшадағы жазуды түзетуге ешкім асығар емес. Бұл - жарнамаға жауапты мекемелер мен ұйымдардың өз істеріне салғырттығы деп білеміз. Осындай олқылықтардың орын алуы болашақ ұрпақ алдында ұятқа қалдырары сөзсіз. Сондықтан, кемшілігімізді дер кезінде түзетіп, келешекке кемел жол көрсеткеніміз абзал.

Айымгүл ҚОСЫБАЕВА

 

 

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig