Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жоба жеңімпазы ауылды шұбатпен қамтуда

Республикалық «Zhasproject» жобасының жеңімпаз жастары жанға дауа, дертке шипа таза шұбат өнімін өндіріп, аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасына, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін таратып беруді ұйғарды.

Аталмыш жобаның иегерлері алдымен боталы түйе сатып алып, оны ауыл шетіндегі қожалыққа қолға алды. Қазіргі таңда аруанадан күніне сегіз литр көлемінде сүт алып отырған жас кәсіпкерлер 30 отбасыға тегін шұбат таратып үлгерді. Ал, грант жеңімпаздарының басты мақсаты, жыл соңына дейін 80 отбасыны емдік шұбатпен қамтамасыз ету.

– Жобаға қатысар уақытта біз командамен кеңесіп, шұбат өнімін өндіру арқылы, ауылмыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, сырқат жандарға ұлттық сусынмен қамтамасыз ету арқылы қол ұшын береміз деп шештік. Құдайға шүкір, жобамыз өтіп, қазір қызу жұмыс үстіндеміз. Алдағы уақытта тағы да аруаналар санын арттырып, шұбат өнімін қазіргіден де еселеп өндіруді басты мақсат еттік,-дейді топ көшбасшысы Айгерім Тасжанова. Ендеше, емдік, шипалық қасиеті көп ұлттық сусынмен ауыл тұрғындарын қамтып отырған жас кәсіпкерлерге табыс тілейміз.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521