Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚАЙСАР ЖАНДАР ЖЕҢІСІ

Жақында жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында облыстық чемпионат өтті. 

Сол жарыста аудан намысын қорғаған спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Айталық, ядро итеруден Нұрлыбек Исатаев пен Арыстанбек Аманкелді І орынды жеңіп алса, Нұрболат Биғалиев ІІ орынды, Махамбет Серікқалиев ІІІ орынды иеленді. Найза лақтырудан Нұрлыбек Исатаев топ жарса, Нұрболат Биғалиев пен Махамбет Серікқалиев ІІІ орынға ие болды. Ал, диск лақтырудан Арыстанбек Аманкелді жеңімпаз атанса, Махамбет Серікқалиев ІІІ орынмен марапатталды. Сөйтіп, олар аудан абыройын асқақтатты.

Гүмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT