Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заң әзірленіп жатыр

сурет ғаламтордан алынды

Елімізде Президент Жолдауының аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қоғамда орын алып жатқан зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын алу үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтып берді.

«Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тап­сырмаммен нақты шаралар қа­былдануда. Әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылыққа қатыс­ты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау­мен шұғылданатын маман­дардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді.

Біз мұнымен шектелген жоқпыз. Былтыр отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес тәсілдерін қайта қарадық. 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұр­мыстық зорлық-зомбылық жаса­ған­дарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды.

Сондай-ақ Мәжілістің бір топ депутаты халыққа Жолдауымның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр», деді ел Президенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT