Қазақстан шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырады әрі елде бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасалады. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жолмарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің пікірінше, Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді.
"Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Дәл осы үздіксіз тауар, мәдени жетістіктеріміз бен идея алмасу арқылы Қазақстанның өзіндік ұлттық бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты".Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ол геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да экономикалық локомотив қызметін атқарып отырғанын баса айтты.