Меніңше, бұл – жақсы бастама. Әсіресе, шағын және орта бизнес үшін тиімді болары сөзсіз. Баршаңызға белгілі, бізге көптеген тауарлар көтерме бағамен Қытайдан жеткізіледі. Өйткені, оның үлкен нарқы бар. Енді жұртшылық еш кедергісіз аспанасты еліне барып, визасыз қажетті өнімін алып, сауда-саттығын емін-еркін жасай алады. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы арта түседі. Демек, шағын және орта бизнестен түсетін салық, түрлі жобаларға салынатын инвестиция көлемі өседі. Бас мердігер жүзеге асырып жатқан ірі жобаларымен қатар, шағын бастамаларға қаржы құйылуы ықтимал. Сондай-ақ, біздің жерлестерімізге Корея елімен қатар Қытайдан ем-дом алуына мүмкіндік туады. Себебі, Қытай медицинасы жақсы дамыған. Оның үстіне, білім алып жатқан студенттер де бар. Кейбірі сондағы жоғары оқу орнын сәтті аяқтап, осында еңбек етіп жатыр.
Сәбит БУЛАРОВ,
«КРІ» ЖШС жөндеу жұмыстарын орындау бөлімі, аудармашылар тобының жетекшісі