Биылғы сайлау науқанына халықтың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары. Бұл туралы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында үміткер Қарақат Әбден айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл тұрғыда ол алдағы 7 жылда елдің дамуы жолында оңтайлы қадамдар болады деген ойын жеткізді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден дауыс берді.
Ол сайлауалды штабымен бірге Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында және өзге де елді мекендерде іс-шаралар өткізді.
Фото: www.inform.kz