Бұл туралы Халықаралық волонтерлер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы волонтердің жұмысына тоқталып, еріктілердің қоғамдағы рөлін атады.
Волонтерлік ер құндылықтарынан бәрінен жоғары қоятын жандардың өмір салты. Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты болмысымен үндес екені сөзсіз. Мен БҰҰ-ның 75-сессиясында халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жылын жариялауды ұсындым. Бұл бастама осы тамаша дәстүрді одан әрі дамыту үшін қажет. Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Меніңше барлық еріктіні адал азамат деуге болады. Өйткені сіздер жауапты жұмыс, сауапты іс атқарып жүрсіздер. Волонтердің еңбегі жоғары бағалануы керек деп санаймын, - деді Президент.