Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрғын үй қорын басқаруды реформалау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет", - деді Президент.
Мемлекет басшысы бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек екенін айтты.
"Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 млн. шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн".