Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Президент Ұлттық банктің саясаты туралы: Бұрынғы ұстанымдар жұмыс істемей жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің жұмысына баға берді.

- Ұлттық банк жұмысын мандатына сай жүргізіп отыр, бұл түсінікті. Жұмыс ағымдық режимде жүріп жатыр. Әрине, мәселелер бар. Бірінші кезекте адамдарды ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы алаңдатады. Сарапшылар Америка долларының нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болады деп күтіп отыр. Валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпы инфляцияны ауыздықтау – аса маңызды жұмыс. Тіпті қазір негізгі жұмыс деп айтуға да болатын шығар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ұлттық банкке бұл бағытта Үкіметпен тығыз әріптестікте жұмыс жүргізуді тапсырды.

- Біз еркін нарықтамыз, өз бетімізбен жүреміз деген ұстаным қазір жұмыс істемейді. Өйткені ахуалдың өзін қалыпты деп айтуға келмейді. Бұл туралы кейінірек айтамын, - деді Мемлекет басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT