Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірдегі жатақхана тапшылығын шешу үшін мемлекеттік тапсырыс механизмі жұмыс істейді

Бүгінде облыста 14 мыңнан астам орындық мектеп пен 600-ден астам орындық студенттер жатақханасы жетпейді. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2018 жылдан бастап елімізде мемлекеттік тапсырыс механизмі жұмыс істейді. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі – жаңа студенттік жатақханалардың бой көтеруі. Еліміздегі мемлекеттік тапсырыс механизмінің басты мақсаты - жас қазақстандықтар үшін жайлы және қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасау. Ал аталған механизм операторы «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы. 

-Бүгінде Қаржы орталығы арқылы 40 мыңнан астам төсек-орны бар жатақхана салынды. Механизмнің мақсаты – мемлекет пен жеке кәсіпкердің серіктестігін қалыптастыру. Кәсіпкер өз қаражатына жатақхананы салып, мемлекеттен ай сайын қаржылай көмек алады. Мысалы, бүгінде облыстағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 500 орындық жатақхана қажет. Аталған оқу орнына студенттер үйін салу үшін инвесторларға жобаның нақты мақсаты мен талаптарын түсіндіру үшін кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Механизмнің екі тарапқа да тигізер пайдасы мол. Жатақхана құрылысы аяқтағаннан кейін инвестор объектіні пайдалануға береді. Оны қабылдау кезінде мемлекет үш маңызды талап қояды. Оның біріншісі студенттер үшін қолайлы орын болуы. Яғни, инвестордың көмегімен салынған жатақханаға орналасқан әр студент үшін кәсіпкерге қаржы төленіп тұрады. Жаңа салынған орын мен қайта құрылған орынға төленетін ақы әр-түрлі. Екіншісі – орналастыру мерзімі. Бұл мемлкеттік тапсырыс құрылысы 6 және 8 жыл ішінде салынуы керек. Ал үшіншісі – төлем мөлшері. Мемлекет кәсіпкерге жаңадан салынған ғимарат үшін әр студентке шаққанда 6 жыл бойынша 195 АЕК төлесе, ал қайта жаңарту кезінде 8 жыл бойына 47 АЕК төлейді. Сондай-ақ айлық есептік көрсеткішті индекстеу жыл сайынғы АЕК өсуімен ұлғаяды,- деді Д.Жамбылов. 

Сонымен қатар ол, жаңа жатақхана салған кәсіпкер 6 жыл бойы әр студент басына 4,7 млн. теңге алатынын жеткізді. Яғни, 100 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана салу кезінде мемлекет 6 жыл ішінде кәсіпкерге құрылыс шығындарын өтеу үшін 403 млн. теңге төлейді. Ал жатақхананы 8 жыл ішінде 100 төсекке қайта құру кезінде қалаларда 129,7 млн. теңге төленеді. Оған қоса жоба шеңберінде кәсіпкер мемлекеттік тапсырыстан бөлек қосымша табыс көздерін табуға болатынын айтты. Яғни, кәсіпкер жатақхана жанынан шаштараз, спорт залын, шағын кафе сынды орындар аша алады. Аталған механизм бойынша бірге жұмыс істегісі келетін инвестор 8 800 080 28 28 нөміріне хабарласа алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT