Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі

Форум басталғанға дейін Қазақстан Президенті мен Германияның Федералдық канцлері энергетика, машина жасау, логистика, тау-кен металлургиясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақ-герман бірлескен жобаларына арналған көрмені тамашалады.

Президент өз сөзін Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц пен осы елдің ірі бизнес өкілдеріне аталған форумға қатысқаны үшін ризашылық білдірумен бастады. Мемлекет басшысының айтуынша, Канцлердің ресми сапары қазақ-герман қатынастарында маңызды кезең басталғанын білдіреді әрі өзара ықпалдастықты тереңдету үшін мол мүмкіндікке жол ашады.

– Елдеріміз арасындағы тығыз дипломатиялық қарым-қатынастар кең ауқымды экономикалық байланыстардың дамуына ықпал ететін негізгі фактор саналады. Германия дүние жүзіндегі ірі әрі ең дамыған экономикалардың бірі ретінде өндіріс, технология, жасыл экономика және инновация салаларында әлемдік стандарттарды айқындайды. Неміс өнімі өзінің ерекше сапасымен және сенімділігімен баршаға мәлім, – деді Мемлекет басшысы. Позитив

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT