Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ҚУАТТЫ АЙМАҚТАР – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ»

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды жан-жақты дамыту мәселесін мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі ретінде атап өтті. 

Оның ішінде, Әділетті Қазақстан құру жөнінде ерекше тоқталды. «Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет» дегеніміз – жалаң ұран емес. Бұл – Әділетті Қазақстанды құруға қажетті ең басты қағидат. Біз былтыр еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына бірқатар өзгеріс енгіздік. Сол арқылы кейбір облыстың дамуына тың серпін бердік.

Менің тапсырмаммен ауыл-аймақты дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың мән-маңызы зор. Аймақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы басталды. Осы жобаның аясында 655 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік нысан салынады, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса 20 ауданаралық көпбейінді емхана ашылады, ал 12 емхана заман талабына сай жаңарады. Яғни, төрт миллионнан астам ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Елімізде «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. 2026 жылға дейін барлық аймақта жүздеген жаңа мектеп бой көтереді. Ауылдарда 100 спорт орталығы ашылады. Сондай-ақ 650 мәдениет ошағы салынады және жөнделеді» деді мемлекет басшысы.

Айта кету керек, Президент тапсырмасы бойынша ауданда «Жайлы мектептің» құрылысы Сағыз ауылында келесі жылы басталады. Сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеріп, аудан халқына қызмет ететін болады

 

Дулат НЫҒМЕТОВ,

аудандық құрылыс, сәулет және

қала құрылысы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT