Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖҒА БЕРІЛУІ ТИІС

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Елімізде әрбір бесінші тұрғын мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Олардың ішінде еңбекке жарамдылары да бар. Бүгін де елімізде мемлекет алдында барлық азаматқа тең мүмкіндік туғызатын, көмекке мұқтаж жандардың мүддесін қорғайтын тиімді әлеуметтік қолдау жүйесін құру қажет. Қоғамымызда дәмету, сұраншақтық секілді жаман қасиеттер жыл өткен сайын ушығып барады. Соның салдарынан кімнің масыл, ал кімнің мұқтаж екендігі аңғарылмай қалып жатады. 

Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кешегі Жолдауында:

«Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды. Дегенмен қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет. Сондықтан, Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын.     

Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс» деп мұқтаж адамдарға несібесі бұйыр¬майтын, ал материалдық жағдайы бар адамдар одан бас тартпайтын жайттар да орын алып келе жатқандығына баса назар аударған болатын. Сондықтан ресурстарды әділ бөлу үшін ең алдымен әлеуметтік қолдауға шын мәнінде зәру топтарды мақсатты түрде анықтап, оларға жәрдем беру керек. Сонда ғана бөлінген қаржы тиісті жеріне жетеді деп ойлаймын. 

Айдана БАЙБОЛАТОВА, 
Ш.Т.Еркінов атындағы орта 
мектебінің мұғалімі, 
педагог-модератор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT