Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп – Мемлекет басшысы

Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл қасиетті Рамазан айының басы Наурыз мерекесі күндеріне тура келді. Пасха мен Ораза айтты атап өту күндері жақын болды. Мен бұл жерде ерекше нышандық мән көремін. Ораза күндері діндарлар, әдетте, мызғымас адамгершілік құндылықтар туралы көп айтады, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді. Сол сияқты Пасха да - адамдарды ең жоғары адамгершілік мұраттарға шақыратын жарқын мереке. Сондықтан бұл мерекелер ұлтына қарамастан еліміздің миллиондаған азаматтары үшін ортақ болды. Біз азаматтарымыздың таңғажайып бірлігінің куәсі болып отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіріп жатқанын айтты.

«Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны саналады. Бұл – табиғи үрдіс», - деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT