Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дамуды көздейтін шешім

Бәрімізге белгілі Қытай мемлекеті тауар өндіру бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттар арзан бағамен сатылып, басқа елдерге экспортталады.

Қытай еліне бір кіріп шыққанның өзінде еліміздің азаматтары басқа елдермен салыстырғанда арзан тауарлар ала алады. Қытайда Америка, Еуропа нарығына көптеген тауарлар өндіріледі. Ол жерлерде жұмыс күші де арзан. Өйткені тауардың өзіндік құны төмен болғандықтан сол жақтан тауар алдыра алады. Шекаралас мемлекет болғандықтан Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тауар айналымының дамып, экономикалық тұрғыдан өрістеуіне үлес қосады деп ойлаймын. Көршілес Ресеу елімен де арамызда визасыз режим енгізілген. Мұны бәріміз көріп, біліп жүрміз.

Бүгінгі таңда мыңдаған азамат жеке кәсіптерін де дөңгелетіп отыр. Сол арқылы тауарын экспорттап, импорттау қажет. Егер, екі елдің азаматтары сауда айналыма үлес қосатын болса, салықтық төлемдер өсуі мүмкін. Бұл шешім дамуды көздеген шешім болды деп есептеймін. Бұл шешімнен ешқандай саяси астар көріп тұрған жоқпын.

Еламан АЙБУЛЬДИНОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT