Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тегіннен-тегін айтып отырған жоқ.
Расында да, Қазақстан – осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет. Сондықтан бізге оңай болмайды. Бірақ бұл жолды қалайда жүріп өтуге тиіспіз. Енді жұмысқа жұмыла кірісеміз. Өз кезегінде Президент күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керектігін қатаң ескертеді. Яғни, мемлекеттік қызметкерлер мемлекетшіл-реформатор болулары қажет. Реформалардың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз.
Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ,
Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдарының академигі