Мемлекеттік корпорация Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда. Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.
Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз.
24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.
23 және 25 қазан - демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.
Атырау ХҚО-лары қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды
- Информация о материале
- Саясат
- : 258