Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 16 КҮН: Ғизат Әліповтың ерлігі мен батырлығы

 1945 жылдың 23 сәуірінде Ұлы Отан соғысының 1402-ші күні жүріп жатқан еді. Жеңіске дейін 16 күн қалған...

Берлинді шабуылдау операциясы. 1-ші Беларусь майданының жауынгерлері ойдағыдай шабуыл жасап, Германия астанасы Берлинге кірді. Жау бар күшін салып қарсыласқанымен, кеңес жауынгерлерінің соққы беруімен бір позициядан екіншісіне шегініп жатты. Сырттан орап алу айласы мен батыл шабуылдың нәтижесінде немістердің Одер өзеніндегі мықты бекінісі мен ірі өнеркәсіп орталығы болған Франкфурт қаласы алынды. Берлинді солтүстіктен айналып өткен біздің жасақтарымыз екпінді шабуылдың арқасында Биркенвердер қаласын басып алды.

Немістер ұрысқа жаяу әскердің бірнеше полкі мен 40-қа дейін жеке батальондарын енгізді. Қоршалған темір жол желісінің қасында салынған бекініске сүйенген қарсылас бірнеше рет қарсы шабуыл жасады. Жау позицияларына зеңбірек оғын жаудырған соң біздіңжауынгерлеріміз неміс қорғанысынан өтіп шықты.

1-ші Украина майданының жасақтары табысты шабуылдап жатты. Немістердің Шпрея өзеніндегі қорғанысының мықты пункті - Котбус қаласы үшін қиян-кескі ұрыстар жүрді.

Қарсыластың майдан шегіне жақын тұрған қорларын жоя отырып, біздің жауынгерлеріміз бір күннің ішінде 50 шақырымға алға жылжып, немістердің Берлинді оңтүстіктен қорғаған, күші мықты, терең эшелондандырылған қорғанысына тап болды. Артиллерия, авиация, танк құрамалары мен жаяу әскерлерінің қуатты соққыларының арқасында кеңес әскері жау қорғанысын талқандап, Берлиннің көшелеріне оңтүстіктен басып кірді...

Шпрее өзенінің бойынша соғысқандардың арасында 1-ші Беларусь майданының 69-шы армиясындағы 312-ші атқыштар дивизиясының 599-шы жеке саперлер батальоны бөлімшесінің командирі, старшина, осы оқиғадан кейін Даңқ орденінің толық кавелері атанған Ғиззат Мұқашұлы Әліпов ерекшеленді.

Ғизат Әліпов 1924 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысындағы Теңіз ауданының Большой Бугор ауылында дүниеге келді. 9 сыныпты бітірген. Колхозда жұмыс жасаған.

1942 жылы Қазақ КСР-ның Гурьев аудандық әскери комиссариатымен Қызыл әскер қатарына шақыртылды. Ұлы Отан соғысының шайқастарына 1943 жылдың шілде айынан бастап қатысты. Батыс, 1-ші Украина және 1-ші Беларусь майдандарында соғысқан. Автоматшылар бөлімшесінің командирі болып, бірнеше ұрыстарда ауыр жарақаттанған. Госпитальдан кейін саперлік батальонға жіберіліп, соғыстың соңына дейін соның құрамында болған.

599-ші жеке саперлік батальоны бөлімшесінің командирі, сержант Ғизат Әліпов 1944 жылғы 18 шілде күні Украина елі Волын облысындағы Любешевский ауданының Дольск ауылының жанында саперлер тобын басқарып, сым қоршауда өтетін жер жасап, сол арқылы жаяу әскер шабуылының табысты болуына септігін тигізді. Шайқастарда танытқан ерлігі мен батырлығы үшін 1944 жылдың 21 шілдесінде сержант Әліпов Ғизат 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылдың 14 қаңтарында Польшаның Зволень қаласынан солтүстік-шығысқа қарай жерде 599-ші жеке саперлік батальоны бөлімшесінің командирі, аға сержант Ғизат Әліпов бөлім сарбаздарымен бірге мина қойылған далада өтетін үш жер жасап, бөлімшенің жауынгерлік міндетті орындауын қамтамасыз етті. Шайқастарда танытқан ерлігі мен батырлығы үшін 1945 жылғы 21 ақпан күні аға сержант Әліпов Ғизат 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

1945 жылдың 17 сәуіріне қараған түні 599-ші жеке саперлік батальоны бөлімшесінің командирі, старшина Ғизат Әліпов Лебус қаласының жанында қоршауды бұзу тобын өзі басқарған. 1945 жылдың 23 сәуірінде старшина Әліпов өзіне сеніп тапсырылған сапер жауынгерлермен бірге Шпрее өзені арқылы өткел жасады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1946 жылдың 15 мамырындағы Жарлығымен командованиенің неміс басқыншыларымен жүргізілген шайқастарда міндеттерді үлгілі орындағаны үшін старшина Әліпов Ғизат 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен мапаратталып, Даңқ орденінің толық кавалері атанды.

1945 жылы Ғ.Әліпов әскерден қайтарылды. 1958 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын тәмамдады. Ардагерге соңғы жауынгерлік наградасы - 1-ші дәрежелі Даңқ ордені Жеңістен кейін 22 жыл өткен соң ғана тапсырылды. Ол Атырау облысындағы Қызыл Оба ауылындағы колхоз төрағасы болып қызмет жасаған. 1986 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды...

Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі, Даңқтың 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі ордендерімен, медальдармен марапатталған... Германия. Гитлердің бұйрығымен рейхсмаршал Герман Геринг барлық лауазымдары мен атақтарынан айырылып, қамауға алынды. Неміс командованиесі өз жасақтарының қарсыласуын күшейту үшін ең үлкен шараларды қолданып отыр. Кеше немістің артиллериялық бөлімдеріне радиодан өзінің шегініп отырған жаяу әскерлеріне жарқыншақты снарядтардан оқ жаудыру бұйрығы берілді. Бөлім командирлерінің шегінуге рұқсат беру өтініштеріне неміс командованиесі: «Қандай жағдай болса да, шегінбеу керек. Артқа шегінгендер атылады» деп жауап қайтарған...Біздің Жеңісімізге дейін 16 күн қалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT