Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Топтық қақтығыстарды басқарудың тиімді тәсілдері: студенттерге арналған қонақ дәріс

«Адал азамат» тұжырымдамасы аясында Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқали Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.

Кездесу барысында спикер "Топтық қақтығыстарды басқару" тақырыбында мемлекеттік органдардағы кадрлық жұмыстың ерекшеліктерін, қызметтік ортада туындайтын қақтығыстардың түрлерін және оларды шешудің тиімді тәсілдерін жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі коммуникацияны нығайту және қақтығыстың алдын алу жолдары жөнінде практикалық кеңестер берілді.

Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған пікірталасқа белсенді түрде қатысты.


Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
 Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT