Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ресейде қосымша құн салығы өсті

Путин 2026 жылдан бастап қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру туралы заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығы 20%-дан 22%-ға дейін өседі.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарларға» — азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарларына — 10% жеңілдетілген мөлшерлеме сақталады. Ресей Қаржы министрлігі қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысты биыл қыркүйек айында енгізген болатын. Ведомствоның түсіндіруінше, түсетін қаражат ең алдымен қорғаныс пен қауіпсіздікке бағытталады. Би-би-си қосымша құн салығы мөлшерлемесінің өсуі тұтынушыларға қалай әсер етуі мүмкін екені туралы жазған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT