Атырау облысы бойынша 191 мектептің мұғалімдері мен оқушылары еліміздегі жетекші цифрлық білім беру платформаларының бірі – AmanSultan жүйесіне қосылып, білім көрсеткішін заманауи деңгейге көтеріп отыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Платформада ҚР ОАМ сарапшылары әзірлеген 4-ші және 9 сыныптарға арналған МОДО тренажеры бар. «МОДО-2025» жаңа әдістемесіне сәйкес 460 тапсырма әзірленген. Бұл — Қазақстанда алғаш рет және Amansultanда ғана әзірленген дайындық тапсырмалары.
- AmanSultan — мұғалімдерге (құрал ретінде) көмектесетін интерактивті алаң, мұнда әрбір мектеп тақырыбы интерактивті тапсырмалары бар қысқа анимациялық бейнелер түрінде көрсетіледі. Платформада орта мектеп пәндері бойынша 2000-нан аса анимациялық бейнероликтер, 1500-ден астам интерактивті сабақтар, 5-11 сыныптар арасында функционалдық сауаттылықты дамыту тренажеры бар,- деді облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева.
Жүйеде жалпы 7 мыңнан астам мұғалім мен 90 мыңға жуық оқушы тіркеліп, платформаны белсенді түрде қолдануда.