Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрманғазы ауданында жаңа 4 мәдени нысан салынып жатыр

Құрманғазы ауданында мәдениет пен өнерді қолдау бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ауданға қарасты Бірлік, Көптоғай, Бөкейхан ауылдарында 300 орындық және Теңіз ауылында 126 орындық жаңа клубтың құрылысы қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мәдениет ошақтарында кең көрермен залы, хореография залы, үйірме, гримдеу бөлмелері мен асхана секілді қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

- Бұл мәдениет нысандары ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін беріп қана қоймай, жас ұрпақты өнерге баулуға, шығармашылық әлеуетін дамытуға тың мүмкіндік туғызбақ. Жобаларға тапсырыс беруші — Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі. Бірлік, Көптоғай мәдениет үйлерінің құрылысы келер жылы, ал Теңіз және Бөкейхан ауылындағы нысан биыл қолданысқа беріледі деп жоспарлануда,- деді Құрманғазы ауданының баспасөз хатшысы Гүлхат Хамза.

Айта кетейік, ауданда қазір 12 мәдениет үйі бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT