Бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) технологиясы білім беру саласының дамуында шешуші рөл атқарып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрландыру мен инновацияға ерекше назар аударып, білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын атап өтті. Бұл – уақыт талабы.
Жасанды интеллектті тиімді пайдалану – білім сапасын көтерудің, заманауи, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың кепілі. Сондықтан біз, ұстаздар қауымы, жаңа технологияларды меңгеріп, оқыту процесіне батыл енгізуіміз қажет.
Кәмшат СИСАМАНОВА,мұғалім