Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мектеп кітапханашылары педагог санатына жатқызылмақ

Биыл 2165 орта білім беру ұйымдары кітапханашылары біліктілігін арттырады. Қазақстанда мектеп кітапханашыларына мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында олардың «Педагог» лауазымына теңестіру мәселесі қаралады.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. Қазіргі таңда «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» қаулысында «Педагог-кітапханашы» лауазымы қарастырылмаған. Сәйкесінше, мектеп кітапханашылары «Педагог мәртебесі туралы» заңда қарастырылған жеңілдіктер мен қолдауға ие емес.

Министрдің жауабында, сонымен қатар биыл Оқу-ағарту министрлігі 2165 орта білім беру ұйымы кітапханашыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлап отырғаны жазылған.

Еске салайық, мәжіліс депутаттары мектеп кітапханашыларының қызметін лицензиялап, оларға біліктілік санатын беруді ұсынған болатын. Депутаттардың дерегінше, Қазақстанда мәдениет саласына қарасты 4 мыңнан астам кітапханашылардың ғана айлығы артып, қалған 8 мың педагогикалық салаға жататан кітапхана қызметкерлері тыс қалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз