Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда қосымша білім беру Lira жүйесіне көшті 

Атырау облысында мектеп оқушыларына қосымша білім беру жүйесі жаңа цифрлық деңгейге шықты. Бұған дейін бұл бағыт облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм, сондай-ақ Мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары арқылы «Даму бала»,  «MINDAL» платформалары негізінде жүргізілсе, биыл қазаннан бастап ваучерлік жүйені ұйымдастыру жұмысы Білім беру басқармасына берілді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа платформа балалардың қосымша білім алу мүмкіндігін әділ, ашық және тең негізде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «Бір бала – бір ваучер» қағидасы аясында өтініш беру, қабылдау және бақылау процесін толық цифрландыруға мүмкіндік береді. 
    
Облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуовтың айтуынша, жаңа жүйеге көшу ауқымды техникалық дайындықты қажет еткен:

– Ваучерлік жоба іске қосылған алғашқы екі айда Lira платформасына бұрынғы кезекте тұрған балалардың деректерін толық интеграциялап, қайта тіркеуден өткіздік. Қызмет көрсетуші ұйымдарды тіркедік, қаржыландыру және есептік жүйелердің алгоритмдерін әзірледік. Бұл бағыт бұған дейін біздің басқармада болмағандықтан, жобаны іске асыру «Білім беру ұйымдарын қаржыландыру және цифрлық технологиялар» КММ-ге жүктелді, – деді ол.

Қазір Lira платформасында 225 кәсіпкер тіркелген, ал үйірмелерге қатысып жүрген балалар саны – 25 710.

Енді платформаға жаңадан бала қабылдау  2026 жылға  қаржы бөлінгеннен кейін басталады.

Айта кетейік, білім басқармасы спорт және мәдениет басқармаларынан соңғы айлардың актілері мен табельдерін қабылдауды аяқтап, енді құжаттары талапқа сай кәсіпкерлерге төлем жасауды бастайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT