Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үздік сарапшылар тартылатын болады

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді.

Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы төрт кезеңнен тұратын ғылыми сараптама жүргізу үшін, сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы жариялайды.

-конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау – ағымдағы жылы 15 қазанға дейін;

- конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарау – ағымдағы жылы 19 қазанға дейін;

- үміткерлерге тестілеу өткізу-ағымдағы жылы 22 қазанға дейін;

- кандидаттар мен әңгімелесу- ағымдағы жылы 29 қазанға дейін.

Объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезең бойынша шешімдер қабылдауды арнайы құрылған конкурстық комиссия жүзеге асыратын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдастырушы мен үйлестірушінің ақпараты бойынша, сапаны қамтамасыз ету және формализмге жол бермеу үшін осы жұмыста сарапшылардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу көзделген. Осыған байланысты, Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өзінің жеке кәсіби үлесін қосуға ниет білдірушілердің барлығыншақырады. Конкурстық іріктеудің толық ережелерімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521