Комплаенс институтын дамыту – корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шарасы

29 қазанда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдерінің, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Израиль, Украина және Өзбекстан сарапшыларының қатысуымен Қазақстанда комплаенсті дамыту және ілгерілету бойынша халықаралық онлайн-форум өтті.

Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен KPMG компаниясымен, «Kaz Bar» заң консультанттар палатасымен және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды. Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов іс-шараны аша отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін нығайту мақсатында мемлекеттің, азаматтық қоғам мен бизнестің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

О. Бектеновтың айтуынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова өз сөзінде компания басшыларының комплаенс қызметтерінің тиімді жұмыс істеу қажеттігін түсінуінің маңыздылығын атап өтті. Депутат олардың құзыретін реттеушілік тәуекелдерді бақылау бойынша функциялармен кеңейтуді, түрлі басқару органдарынан тәуелсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ оларды жеке секторда құруды көздеуді ұсынды. KPMG компаниясының өкілі, Ресей мен ТМД-дағы KPMG форензик бөлімінің серіктесі Александр Тарасенконың пікірінше жаңашыл идеядан бизнесті жүргізу нормасына көшу үшін комплаенсті алға жылжытуда қолданбалы шешімдерді қолдану қажет.

Бұл комплаенс қызметтерінің қызметін цифрландыру болып табылады. Өз кезегінде, «Kaz Bar» заң консультанттары палатасының төрағасы Жұмагелді Елубаев комплаенс қызметтерінің кәсіби этика мен бизнестің іскерлік парасаттылығын қамтамасыз ету секілді бірінші кезектегі міндеттеріне назар аударды. Іс-шара барысында халықаралық сарапшылар қатысушыларға комплаенсті ілгерілетудің және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің өзекті мәселелері бойынша өздерінің көзқарастарын жеткізді. Комплаенс функцияларын цифрландыру, атап айтқанда Compliance Platform 365//360 платформасында комплаенс жүйесін құру және ұйымның контрагенттері мен қызметкерлерінің тәуекелдеріне мониторингті автоматтандыру тақырыбы форумға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Іс-шараның нәтижесінде халықаралық сарапшылармен озық тәжірибе алмасу және комплаенсті одан әрі жетілдіру бойынша заңнамалық бастамалар әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика