Мемлекет басшысының қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп, біраз мәселе талқыланды. Онда көтерілген әрбір мәселенің мән маңызы зор, еліміз үшін маңызды.
Осы орайда, «Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс» деген мемлекет басшысы Шымкенттегі қыз алып қашу мәселесіне бас назар аударды. Неге? Өйткені өрімдей қызды алып қашу, еркінен тыс күштеу қылмыс. Алып қашудың соңы адам өмірін қиюмен аяқталды. Қандай қорқынышты. Қыз өсіріп отырған ата-ана осыдан кейін бұрынғыдан да алаңдаушылық күйде. «Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді. Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды» деп тапсырма берді. Қыз алып қашу тарихымызда бар дүние десек те, қазір қоғам өзгерді. Заң бар. Олай болса мұндай қылмысқа жол беруге болмайды.
Айжан АҚСЕРЕНОВА,
Миялы ауыл тұрғыны



