Отбасындағы татулық пен тыныштықты сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудан аумағында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полиция қызметкерлері әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, қорғау нұсқамасы, ерекше талап, қолайсыз отбасылар есебінде тұрған тұлғаларды тексеріп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отбасылық жанжалға бейім азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, қорғау нұсқамалары шығарылды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары, оның алдын алу жолдары және зардап шеккен тұлғаларға көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Қажет болған жағдайда азаматтарға психологиялық және құқықтық кеңес берілді. Демек, бұл шара зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам десе болғандай. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі – мемлекеттің басты назарында.
А.ШӘКІРОВА,
аудандық Полиция бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры



