banerkzbig

Жерлестер жеті медальмен қуантты

Өткен аптада Атырау қаласында тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар арасында армрестлинг пен пауэрлифтингтен облыстық турнир өтті.

Бұл жарысқа қатысқан аудан спортшылары зор табыспен оралды. Алдымен Әбілмәжін Сәрсенғалиев армрестлингтен де, пауэрлифтингтен де үздік шығып алтыннан алқа тақса, Еркебұлан Есқалиев армрестлингтен қола, пауэрлифтингтен күміс медальды олжалады. Сондай-ақ, армрестлинг спорты бойынша Арыстанбек Аманкелді күміс, Елтай Есжанов пен Жайлыбай Шөкенов қола медальдарды иеленді.

Осылайша, облыстық турнирде жеті медаль иеленген жерлестер биылғы жылдағы алғашқы жарыстарын жақсы көрсеткішпен бастады.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21