Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аманжан – Беларусь елінен алтын алды

Кеше Беларусь елінің астанасы Минск қаласында ел Президентінің жүлдесіне арналған спорттық және жауынгерлік самбодан халықаралық А санаты турнирі жалауын желбіретті.

Байрақты бәсекеде Франция, Италия, Израиль, Грекия, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Моңғолия, Беларуссия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және елімізден барған 300-ге жуық сайыпқыран самбошы бақ сынауда. Жарыстың алғашқы күнінде 52 келіде белдескен мұқырлық Аманжан Әбу 1/8 финалда жергілікті спортшыны ауырту әдісімен ұтса, артынша орыс балуанын да сан соқтырып ақтық сынға шықты.

Ал, финалда тағы бір орыс мықтысы Камран Мамедовты айқын басымдылықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, ол осы жеңісінен кейін Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Осы орайда, байрақты бәсекеде топ жарған жерлесімізге «Жеңісті жорығың жалғаса берсін» демекпіз.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521