Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Қайрат» командасы топ бастап келеді

Қаңтар айында басталған мекемеаралық спартакиада өткен аптада кіші аяқдоп додасымен жалғасты.

Миялы спорт кешенінде өткен жарысқа әр мекемеден біріктірілген алты команда қатысты. Тартысты өткен аяқдоп додасында Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық аурухана, өнер мектебі, «Арман» мәдениет үйі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан құралған «Намыс» командасы жеңімпаз атанса, олардан ақтық сында 2:1 есебімен жеңілген аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, электрмен қамту орталығы, жастар ресурстық орталығы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, «Қазсушар» мекемесі және кәсіпкерлер палатасынан құралған «Қайрат» командасы екінші орынға ие болды.

Ал, жарыстың жүлделі үшінші орыны аудандық пошта-байланыс торабы, «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі, Қызылқоға желілік-техникалық учаскесі, Б.Аманшин атындағы орта мектебі, «Балдырған» балабақшасы ұжымдарынан жасақталған «Тұлпар» командасына бұйырды. Мекемеаралық спратакиаданың бес кезеңінің қорытындысы бойынша «Қайрат» командасы топ бастап келеді. Алтыншы кезең аудандық орталық кітапханада шахмат спорты бойынша өтеді.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521