Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Наурызбектің еншісінде күміс жүлде

Атырау қаласындағы «Атырау» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жылдың басты жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 300-ге жуық самбошы қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұл сында 74 келіде облыс намысын қорғаған жерлесіміз Наурызбек Майлашев алғашқы белдесулерінде Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облысының палуандарын ұтып, ақтық сынға жолдама алды. Ал, финалда Алматы қаласының самбошысы Арнұр Құлатаймен белдескен Наурызбек сәл ғана ұпай айырмашылығымен ұтылып, күміс жүлдеге ие болды.

Наурызбек енді құрама сапына алынып, Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521