Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мықтыларды мойындатқан Ұлан

Өткен апта жерлес самбошылар үшін табысты болды.

Орал қаласындағы байрақты бәсекеде Наурызбек жүлдегер атанса, одан көп өтпей Ақтау қаласында самбо күресінен өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Ұлан Ысқақов қола медаль еншіледі. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар, еліміздің де сайыпқыран самбошылары қатысқан турнирде Ұлан 90 келіде өнер көрсетті. Алғашқы белдесуін жеңіспен бастаған ол өкінішке орай, келесі кездесуінде жеңілістің ащы дәмін татты. Ал, қола медаль үшін ақтаулық балуанмен күресіп, соңғы минуттарда таза жеңіске жеткен жерлесіміз халықаралық турнирден үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұл Ұланның осындай деңгейлі жарыстағы алғашқы жүлдесі. Өзінің айтуынша биылғы жылдың күнтізбесінде халықаралық дәрежедегі бірнеше жарыс бар. Сол додаларға дайындықты осы бастан бастаған жерлесіміз «Алар асуым алда» дейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521