Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Наурызбектің кезекті жүлдесі

Өткен аптада Орал қаласындағы Теннис орталығында белгілі балуан, самбо күресінен әлем чемпионы Асқар Шайхиевты еске алуға арналған халықаралық турнирден жерлесіміз Наурызбек Майлашев та қатысып, аудан абыройын асқақтатып қайтты.

Оған Ресей, Армения, Грузия мемлекеттерімен қатар, еліміздің ең мықты деген самбошылары қатысты. Тоғыз салмақ дәрежесінде өткен турнирде 74 келі салмақта белдескен Наурызбек алғашқы бәсекелерінде орыс, грузин және Қарағанды облысының балуандарын ұтып, жартылай финалға шығады. Ақтық сын үшін айқаста оралдық самбошыға есе жіберген ол үшінші орын үшін тартыста тағы бір жергілікті балуанмен кездесіп, оны ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Сөйтіп, халықаралық турнирде жүлдеге іліккен жерлес балуан енді алдағы уақытта Жаңаөзен қаласында қазақ күресінен өтетін командалық жарыс пен самбодан Астана қаласында өтетін ел чемпионатына дайындалуда.

Ендеше, ел намысын ту еткен балуанымызға тек сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521