Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨКПАРШЫЛАР ТАРТЫСЫ

Сағыз ауылында өткен аптаның жұмасы күні Қызылқоға аудандық ұлттық көкпар спорт түрлері федерациясы мен Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастыруымен «Жаппай көкпар» ойыны өтті.

Дүбірлі додаға Атырау қаласы, көршілес Ақтөбе облысының Байғанин ауданы және ауыл жастары қатысты.

Ұлттық ойынға ауыл азаматтары Әлібек Есетов, Салауат Ерболұлы, Талғат Көптілеуов, Нұрлыбек Шыңбаев қаржылай демеушілік жасап, ойынның қызықты өтуіне себепкер болды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында, ұлттық спорттық өнерді дамыту және жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге отыз төрт шабандоз қатысып, нәтижесінде Рамазан Қайрат (Байғанин) «Ең үздік шабандоз» атанса, «Ең көп салым салған шабандоз» атағын атыраулық Ғалымжан Әліпбаев иеленіп, «Месси» атты сәйгүлігі «Ең үздік тұлпар» атағына ие болды.

Ал, сағыздық Аманбек Сағидолла «Ең жас шабандоз» атағымен марапатталды.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521