Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТПЕК

KMG Burgylau ұжымы биыл жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленген Сабырғали Аманатпен кездеседі.

Жақында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Ұлттық құрама сапында ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен атыраулық Аманат Сабырғали (2002 ж.т.) құрлық додасының жеңімпазы атанды.

Аманат іріктеу кезеңдерінде Ирак және Үндістан мемлекеттерінің боксшыларын тізе бүктірген. Ал ақтық сында Оңтүстік Кореялық қарсыласынан басым түсті. Шарада мекеме қызметкерлері спортшымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алмақ. Кездесу аясында мекеме атынан спортшыға бір жолғы қаржылай демеушілік көрсету көзделіп отыр.

Аманат Сабырғали – кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Жастар арасында Азия чемпионы. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Жаттықтырушылары: Сахипов Ерлан, Сәрсенбай Торғаев.

Өтетін жері: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 116е, 4-қабат, конференц зал.

Өтетін уақыты: 21 қараша, 2019 жыл, 15:00. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521