Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Гүлмаржан – «Үздік шабуылшы»

Жақында Атырау қаласында аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында кіші аяқдоптан облыстық лиганың кезекті жарысы өтті.

№38 орта мектептің спорт залында өткен жарыста аудан намысын Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиясының қыздар құрамасы қорғап, олар алғашқы бәсекеде Құрманғазы ауданы, Индер ауданы және Атырау қаласы құрамаларын ұтқанымен, соңғы ойында Жылыой ауданы командасына 1:0 есебімен жол беріп, нәтижесінде екінші орынды жеңіп алды. Бұл жарыста үздік ойынымен көзге түскен Гүлмаржан Бағыт лиганың «Үздік шабуылшысы» атанды.

Осы орайда, бұрымдыларды кіші аяқдоп жарысына дайындаған бапкерлері Тельман Гумаров пен Сейілхан Оқас екенін айта кеткен жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521