Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

Өткен аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі мен Миялы спорт кешенінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында волейбол, баскетбол, шахмат, гандбол, фудзалдан аудандық лига өтті.

Лигаға екі кезең (мектепшілік, топтық) бойынша іріктелген аудан мектептерінің оқушылары қатысты.

Нәтижесінде, баскетболдан Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің ұлдары І орынды иеленсе, Сағыз орта мектебінің оқушылары екінші орынға, Қаракөл орта мектебінің оқушылары үшінші орынға ие болды. Ал, қыздар арасындағы ойында Қаракөл орта мектебінің оқушылары І орынды, Миялы орта мектебінің оқушылары ІІ орынды, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, волейболдан Миялы орта мектебінің ұлдар және қыздар командасы І орынды иеленсе, ұлдар арасындағы ойында Қаракөл, Мұқыр орта мектебінің оқушылары, қыздар арасындағы ойында Б.Аманшин атындағы, Қаракөл орта мектебінің оқушылары ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

liga222222-1

Гандболдан Қаракөл орта мектебінің ұлдар командасы І орынды иеленсе, қыздар арасындағы ойында Жаңашаруа орта мектебі жеңімпаз атанды. Ал, ұлдар арасында екінші орынға Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары, ІІІ орынға Жаңашаруа орта мектебінің оқушылары қол жеткізсе, қыздар арасында Тасшағыл орта мектебінің оқушылары екінші орынды, Кенбай орта мектебінің оқушылары ІІІ орынды еншіледі. Футзалдан Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің ұлдар командасы І орынды, Қарабау орта мектебі ІІ орынды, Мұқыр орта мектебі ІІІ орынды иемденсе, қыздар арасындағы ойында Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының командасы І орынға, Миялы орта мектебінің командасы ІІ орынға, Кенбай орта мектебінің командасы ІІІ орынға ие болды.

Жарыстың екінші күнінде өткен шахмат сайысында қарабаулық оқушылар бірінші орынды, кенбайлық оқушылар екінші орынды, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп оқушылары үшінші орынды жеңіп алды. Лига соңында үздік ойынымен көзге түскен оқушылар алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаз командалар облыстық ұлттық лигаға жолдама алды.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521